|
09.12.2016 | 12:08
2277

Алматы қаласындағы «Думан» ықшамауданының көшелеріне жарық берілді

Алматы қаласы Медеу ауданы «Думан» ықшамауданының көшелеріне жарық берілді. Бірнеше айдан бері жарықсыз отырған ел-жұрт мұң-мұқтажын айтып Медеу ауданы әкімдігіне жүгінген. Көп ұзамай көпшіліктің мәселесі шешімін тапты.


«Мына көшенің тұрғындары атынан халықтың атынан улкен рахметімді айтамын. Қаламыздың басшыларының барлығы жастар. Жастар деген келешектің үлкен азаматтар. Жұмыстарын білетін. Көп-көп рахмет айтамыз»,- Алматы қаласының тұрғыны, Амангелді ШЫНҒОЖАЕВ.  

 

«Үлкен адамдарға әсіресе содан кейін мектеп оқушыларына, әсіресе мына күннің қысқарған кездерінде. Таңертең болса да, осы светтің болмауы үлкен кесірін тигізді. Қорқатынбыз. Балалардың алдынан шығатынбыз. Ал, енді уақыт келе барлығы жақсы болып келе жатыр. Қала әкіміне, өзіміздің ауданы әкімі Жылқышиев Ержан мырзаға рахмет айтамыз»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Рахымхан НҮПТЕКЕЕВ.

 

Жалпы, Думан ықшамауданындағы 10 көшеге диодты шамдар орнатылып, пайдалануға берілді. Жарықтандыру жүйесін қалыпқа келтіруді кәсіпкер өз мойнына алған. Осы уақытқа дейін жекеменшік компания 27 көшеде жарықтандыруды ретке келтірген. Жыл аяғына дейін тағы 34 шақырым аумақта электр желісі алмастырылмақ


«Қазіргі біз қойған светильниктар жарық көздері бұрынғылардың употреблениесі 150 ВАТТ болса, ал қазіргілердікі 60 ВАТ-тан. + бұларды обслуживание ретінде мысалға жылына екі-ақ рет қана тексеріледі. Срок годности оларда 2 жылға жүреді бұларда»,- деді Компания өкілі, Дәурен БАҚДӘУЛЕТОВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир