|
08.12.2016 | 13:41
1824

Алматылық қоғамдық көліктерде кітапхана ашылды

Алматылық қоғамдық көліктерде  кітапхана ашылды


Алматылық қоғамдық көліктерде  кітапхана ашылды. Кітаптар автобустардың әр орындығына таңылған. Мұхтар Әуезов, Қадірбек Сегізбаев сынды көптеген жазушылардың туындылары нөмірі 11, 17, 133 және 406  бағыттағы автобустарға қойылған. «Кітап Talking» атты акцияны «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық әкімшілігімен бірлесе жүзеге асырып отыр. Ал алдағы уақытта кітаптар ұрланбай, жыртылмай, оқырман арасынан қолдау тапса онда автобустарға қойылатын туындылар саны да көбеймек.


«Негізгі мақсаты Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығына орай ұйымдастырып отырмыз. Тарихқа байланысты, Алматының көрікті жерлеріне қатысты, танымдық, әдеби кітаптар бар. Осыларды қойып жатырмыз. Қоғамдық орындарда жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру»,- деді «Нұр Отан» партиясы  медеу аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары, Арман ХАЛБЕКОВ.













 


 

 

 















 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир