|
17.01.2017 | 10:40
1170

Елбасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Елбасы Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары барысында Абу-Дабидің тақ мұрагерімен сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екі елдің ынтымақтастығы мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің іскер топтар өкілдерімен кездесті. Кездесуге әмірліктердің әлемдік деңгейде жұмыс жүргізетін жетекші компанияларының басшылары қатысты. Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Таяу Шығыс аумағындағы негізгі серіктесінің бірі екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғалы бері елімізге Біріккен Араб Әмірліктерінен келген тікелей инвестиция көлемі 2 миллиард долларға жуықтағанын айтты. Сондай-ақ, сапар аясында елбасының Х Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммитінің жұмысына қатысуы жоспарланған. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир