Алматының Әуезов ауданында қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы аясында аулаларды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстары жалғасып отыр. Бұл туралы Әуезов ауданы әкімдігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ағымдағы жөндеу аясында 30 футбол және баскетбол алаңының қоршаулары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 70 ауланың балалар және спорт алаңдарындағы тартан жабыны жаңартылып, қалпына келтірілді.
Тағы 4 аулада қосымша шағын сәулет нысандары орнатылды.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, 971 ауланы санитарлық тазалау және ұсақ жөндеу жұмыстары күн сайын жүргізіледі. Бұл жұмыстарға 7 мердігер ұйым, 440 жол жұмысшысы және 46 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Оқи отырыңыз: «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қарау аяқталды