Қазақстан негізгі өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр

04.08.2026 10:47

ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бүгінгі таңда Қазақстан көптеген базалық өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Күнбағыс майы, ұн, күріш, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сиыр және қой еті бойынша 100% қамтылған», — деді Арман Шаққалиев.