Алматының ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 518,5 теңгеден сатылуда
8 мамырдағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,52-ге көтеріліп, 516,01 теңге болды, деп хабарлайды Almaty.tv Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банкінің 8 мамырдағы долларға ресми бағамы 514,50 теңге.
kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды қазіргі таңда сатып алу – 516 теңге, сату – 518,5 теңге.
Ал мегаполистегі ақша айырбастау пункттері америкалық валютаны 516.5 теңгеден, еуроны 584 теңгеден сатып, долларды 519 еуроны 588 теңгеден сатып алып жатыр.
Оқи отырыңыз: 8 мамырға арналған валюта бағамы