1 млрд теңгеден астам заңсыз табыс: Қостанай тұрғынына үкім шықты

06.08.2026 11:17

Заңсыз әрекеттердің салдарынан 50-ден астам азамат өздері үшін тиімсіз шарттармен қарыз міндеттемелеріне тартылған

Depositphotos.com

ҚМА Қостанай облысы бойынша Департаменті жергілікті тұрғынның заңнамада көзделген лицензиясыз мүлікті кепілге қойып қарыз беру қызметін ұйымдастырғанын анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Клиенттерді тарту үшін танымал платформаларда жарнамалар орналастырылған.

Азаматтардың ауыр материалдық жағдайын және екінші деңгейлі банктерден несие ала алмауын пайдаланған ол жылдық мөлшерлемесі 120%-ға дейін жететін жоғары пайызбен қарыз берген.

Сонымен қатар, нотариат куәландырған шарттарда қарыздың нақты сомасы емес, алдын ала есептелген сыйақы, ресімдеу шығындары және өзге де төлемдер қосылғандықтан, негізсіз ұлғайтылған сома көрсетілген.

Мәселен, жәбірленушілердің бірі іс жүзінде 9 млн теңге алғанымен, шартта 14 млн теңге көрсетілген. Кейін 18 млн теңге көлеміндегі қарызды көздейтін тағы бір шарт жасалған. Алайда бұл шарт бойынша оған ешқандай қаражат берілмеген.

Кейін сот шешімімен жәбірленушіден 26 млн теңге өндірілген.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан 50-ден астам азамат өздері үшін тиімсіз шарттармен қарыз міндеттемелеріне тартылған.

Қылмыстық жолмен алынған кіріс 1 млрд теңгеден асқан.

Сот үкімімен ол 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған төрт пәтерді, екі жер учаскесін, сондай-ақ Mercedes-Benz G500, Dodge RAM 1500 және Hyundai Santa Fe автокөліктерін мемлекет кірісіне тәркіледі.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Киберқылмыс пен нашақорлықтың алдын алу: Алматыда түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Толық көрсету