Адам саудасы – ауыр қылмыс: Маңғыстаудан Алматыға бағыт алған үгіт-насихат пойызы Қызылордаға аялдады

28.07.2026 18:15

Онда арнайы штаб құрылған

«Адам саудасы – ауыр қылмыс». Елімізде осындай атаумен ауқымды ақпараттық науқан өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Маңғыстаудан Алматыға бағыт алған үгіт-насихат пойызы бүгін Қызылордаға аялдады. Онда арнайы штаб құрылған. Полиция қызметкерлері, заңгерлер және түрлі сала мамандары жолаушыларға тегін құқықтық кеңес беріп, анонимді сауалнама жүргізеді. Үгіт-насихат пойызының мақсаты – адам саудасының алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. 24 шілде күні жолға шыққан арнайы штаб сапары 30 шілдеде Алматыда аяқталады.

Айта кетейік, бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күніне негізделген іс-шара еліміздегі «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.

«Маңғыстау қаласынан Алматыға пойыз өтті. Ол пойызда жедел штаб құрылған. Басты мақсаты – адам саудасының алдын алу, пойыздың барлық жолаушыларына құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және әрбір азаматтың қауіпсіз өмір сүру құқығын қорғау», –  деді Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Әлімжан Еспаев.

Оқи отырыңыз: Бас прокуратура жол бұзақыларына жауапкершілікті күшейтті