Ақмола облысында жетім балаға тиесілі пәтерде мекеме басшысы тұрып келген

Ақорда
Ақорда

Өңірде 30-дан астам жетім бала баспанасыз қала жаздаған

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған.

33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.

«Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді, қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылдануда», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Батырларға тағзым: Қазақстанда майдангерлерді еске алуға арналған сайт іске қосылды

Новости партнеров