Биыл қандай жолдардың құрылысы басталады

Michael Evans/unsplash.com/
Michael Evans/unsplash.com/

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің мәліметінше «Қарағанды — Жезқазған», «Ақтөбе — Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.

Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын «Қалбатау — Майқапшағай», «Күрті — Қонаев», «Қызылорда– Жезқазған» және «Ұзынағаш — Отар» жолдарының реконструкциясы жалғасады.

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында «Жезқазған — Петропавл», «Мұқыр — Құлсары», «Қандыағаш — Ембі -Ырғыз», «Қостанай — Қарабұтақ», «Өскемен — Шемонаиха», «Өскемен-Рахман кілттері», «Орал –Атырау» жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады. 

Оқи отырыңыз: Елімізде ет өндірісі артты

Новости партнеров