Ірі есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікті шетелден экстрадицияланды

27.07.2026 14:25

Топтың өзге қатысушыларына қатысты сот пен тергеу амалдары жалғасуда

Алматы облысында ірі есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікті шетелден елге қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ зиянды затты Алматы қаласы мен облыс аумағында жасырын орындар арқылы таратып келген. Тінту кезінде олардан 10 келіге жуық психотроптық зат тәркіленді. Заңсыз түскен кірісті криптобиржалар арқылы айналымға енгізген басты ұйымдастырушы із жасырып, халықаралық іздеуге түскен еді. Қаңтар айында Грузияда қолға түскен азамат Бас прокуратураның сұранысымен экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды. Топтың өзге қатысушыларына қатысты сот пен тергеу амалдары жалғасуда.

«Крипто алмастырғыштарды пайдалана отырып және қосымша 600 миллион теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлікті, бизнес обьектілерін және көлік құралдарын сатып алу арқылы заңдастырған. Бұл активтерге мемлекет пайдасына аудару мақсатында тыйым салынды. Оған тағылған қылмыстарды жасаған үшін  мүлкі тәркіленіп,  20 жылға дейінгі мерзімнен бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», –деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.

Оқи отырыңыз: Астанада автосалон менеджері сотталды