Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

31.07.2026 15:34

Жантүршігерлік жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысында жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты. «Астана – Қарағанды – Алматы» бағытындағы тас жолында жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қайғылы оқиға Теміртау мен Қарағанды қалалары аралығындағы болған. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында ажал құшты. Жантүршігерлік жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, Қарағанды облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдық режимін бұзбаңыздар, қауіпті маневрлер жасамаңыздар және жолдағы әрбір әрекеттің өзіңіз бен өзгелердің өмірі үшін маңызды екенін ұмытпаңыздар», – деді ПД Патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.   

Оқи отырыңыз: Ақтөбедегі базарлардың бірі отқа оранды