Қазақстан құрамасы халықаралық лингвистика олимпиадасында тарихи жетістікке жетті

02.08.2026 17:19

Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетті

t.me/oqu_agartu

Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv 

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) өтті.

Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.

Қола медаль иегері:

  • Шыңғыс Карасаев - Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.

Құрмет грамотасының иегерлері:

  • Рамазан Бутантаев - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
  • Аслан Ажибаев - Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
  • Кирилл Тургумбаев - Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.

Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік етті.

Олимпиадалық лингвистика елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті.

Оқи отырыңыз: «Үш күнде МӘМС рәсімдеп береміз»: делдалдардың уәдесіне сенуге бола ма