Қазақстанда жаңа гидро-электр стансалары іске қосылады

31.07.2026 15:56

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды

Қазақстанда 2030 жылы жалпы қуаты кемінде 500 мегаватт болатын жаңа гидро-электр стансалары іске қосылады. Үкімет 2035 жылға дейін гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Жоспар алты негізгі бағыт бойынша 30 іс-шараны қамтиды. Яғни өзендердің су теңгерімі мен энергетикалық әлеуетін бағалау, нысандар бойынша бірыңғай деректер базасын қалыптастыру, жер учаскелерін дайындау сынды жұмыстар жоспарланған. Жаңа нысандарды іске қосу өңірлерді энергиямен жабдықтау сенімділігін арттырып, Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне ықпал етеді.

«Бұл гидроэнергетиканы дамытудың жоспарлауға жүйелі тәсілді қамтамасыз етуге және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда жоспарды іске асыру қолда бар су ресурстарын техникалық мүмкіндіктер мен электроэнергетикалық жүйенің қажеттіліктерін ескере отырып, гидроэнергетиканы дамыту перспективалары туралы кешенді түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді ¤ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі жылыту маусымына дайындық пен білім беру нысандарындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді