«Құрылтай депутаттары қоғамдағы өзекті мәселелерді жақсы білетін, әр алуан саланың өкілдері қатарынан сайлануы қажет». Алматылық заңгерлер осындай пікірде. Айтуынша, ел ішіндегі түйткілдерді терең түсінетін халық қалаулысы ғана маңызды мәселелерді мінберде батыл көтеріп, олардың шешілуіне нақты ықпал ете алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондықтан үміткерлерін ұсынған 7 саяси партия көптің сеніміне ие болу үшін нақты бастамалар ұсынып, қоғам сұранысына сай бағдарлама әзірлеуі қажет.
«Жаңа Құрылтайдың құрамы бойынша бірден-бір талап – сайлауға түсіп жатқан партиялардың ішінде үміткерлердің 30 пайыздан кем болмауы керек. Яғни олар жастар, әйелдер және сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар. Яғни бұл деген сөз жаңа құрылтайдың құрамының алуан түрлілігін қамтамасыз етуге қажет болады», – деді заң ғылымдарының магистрі Қанат Әлихан.
«Құрылтайдың маңыздылығы бұл – халықтың мүддесі үшін жұмыс жасайтын негізгі орган. Сол себепті Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Құрылтайға азаматтық борышын өтеу барысында келіп, дауыс беруі керек деп санаймын», – деді заң ғылымдарының магистрі Жақсылық Есламғалиев.
Оқи отырыңыз: Халық Құрылтайға кәсіби, білікті мамандардың келгенін қалайды - Ғалым Қалибекұлы