Қазақстан рекорды жаңарды: шымкенттік тұрғын 120 тонналық пойыз вагондарын сүйреді

Артық Досалиев бұған дейін де  үш мәрте әлемдік рекорд орнатқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте вагон сүйреуден Қазақстан рекорды жаңарды. Мұнда 52 жастағы азамат 120 тонналық пойыз вагондарын сүйреп, елді таңқалдырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пауерлифтингтен 5 дүркін әлем, 8 дүркін Азия чемпионы атанған Артық Досалиев бұл күнге бір жыл бойы дайындалған. Алғашқы мақсаты — 20 метрге жеткізу болған. Бірақ қара күш иесі бұл межеден асып түсіп, небәрі 3 минутта 5 вагонды 21 метр 40 сантиметрге дейін сүйреді.

Айта кету керек, Артық Досалиев бұған дейін де дәл осы спорт түрінен үш мәрте әлемдік рекорд орнатқан.

«Келер жылы 6,7,10 -20 вагонға дейі сүйреуге ниеттеніп отырмын. Алдымызда тағы грузовой боингтар сүйрейміз. Ақтауға барып танкер сүйрейміз, Алла қолдаса! Жастарға үлгі болу үшін спортпен айналысып жүрмін. Жасқа қарамай, тіпті 60-70 жасқа дейін спортпен айналысуға болады. Ешқандай шектеу жоқ», – деді рекордшы Артық Досалиев.   

Артық Досалиевтің жетістігі Қазақстан рекордтар кітабына енді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оның ерлігі Жеңіс күнімен үндесіп, мегаполис төрінде патриотизм мен қайсарлық символына айналды.

«Бұрын соңды Қазақстанда болмаған рекордтың орнатылғанына куә болып отырмыз. Бұл сертификат осы рекордты орнатқаннын растайды. Кітабымыз 2 жылда 1 рет шығады, кітапқа енеді», – деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Сәбитұлы.

Оқи отырыңыз: Әскери техника: Алматыда ашық аспан астында музей ашылды

Новости партнеров