Күдіктінің баспанасынан 4190 түп каннабис өсімдігі бар жасырын плантация табылған
Қызылорда облысы тұрғынының үйінен есірткі зертханасы табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Арнайы тексеріс кезінде «Шеп» бекетіндегі қызметтік ит жолаушының сөмкесінен марихуана орамасын тапқан. Зерттей келе, күдіктінің баспанасынан 4190 түп каннабис өсімдігі бар жасырын плантация табылған. Жатын бөлмеден тағы 14 түп есірткі өсімдігі анықталған. Үй ішінен зертхана жұмысына қажетті түрлі құрал-жабдықтар анықталып, жалпы салмағы 91 келіден асатын зиянды заттар тәркіленген.
«ІІМ «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда. Бас прокуратураның бірінші қызметімен ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі бірлескен жұмыстың нәтижесінде мамырдың алғашқы онкүндігінде бір синтетикалық және үш фитозертхананың қызметін тоқтатты. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Оқи отырыңыз: Көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді