16 мамырда сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін
Қызылорда облысының аумағында алдағы үш күнде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Синоптиктер ауа температурасы 40 градустан жоғары болуы ықтимал екендігін айтып отыр. Кей жерде 16 мамырда сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай сәтте мамандар тұрғындарға сақтық шараларын ұстануды қатаң ескертеді.
«Осы апта аяғына дейін жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде 15-20 градус жылыдан 22-27 градусқа жоғарылайды. Күндіз 34-39 дан 40-45 градусқа өте қатты ыстық болады. Аптаның аяғында облыстың батысында, орталығы және солтүстігінде найзағай ойнап, жауын-шашын болады. Сондай-ақ жел тұрып, шаңды дауыл күтіледі», – деді инженер-синоптик Мағжан Сәдуақасов.
Оқи отырыңыз: Алматыда 12-18 мамыр аралығында ауа райы қандай болады