Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр
Қызылорда қаласының прокуратурасы 900 млн теңге құрайтын мүлік мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдікпен тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон кәсіпкерге шарт негізінде 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген.
Дегенмен, сенімгерлік басқарушы есеп тапсыру, тапқан пайдасының елу пайызын сыйақы ретінде және таза кірісінің бөлігін мемлекетке төлеу жөнінде шарт міндеттемелерін орындамаған.
Ал әкімдік бұл міндеттемелердің орындалуына бақылау жасамаған.
«Қадағалау актісінің нәтижесімен құны 700 млн теңгені құрайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон және 326 га көлемінде, құны 210 млн теңгені құрайтын 16 жер учаскелері мемлекетке қайтарылды», - делінегн хабарламада.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты