Қазақстандықтар арасындағы P4P рейтингінің көшбасшысы – Жәнібек Әлімханұлы
Мамырдағы үздік қазақстандық боксшылардың (салмақ дәрежесіне қарамастан) жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Boxrec.com сайтының хабарлауынша, рейтингінің сәуірдегі нұсқасымен салыстырғанда мамырда алғашқы ондықта бір ғана өзгеріс болған: Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО) айдың басында намибиялық боксшы Филемон Нгутенаньемен (12-0-2, 4 КО) кездесіп, қос былғары қолғап шебері тең түскен болатын. Осы жекпе-жектен кейін ол бір саты төмендеп, 7-орынға тұрақтады. Ал тағы бір отандасымыз Руслан Мәдиев (17-2, 6 КО) бір саты жоғары көтерілді.
Қазақстандықтар арасындағы P4P рейтингінің көшбасшысы – бұрынғысынша орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО).
Үздік 10 қазақстандық боксшының тізімі төмендегідей:
Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО),
Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО),
Бекман Сойлыбаев (20-1, 11 КО),
Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО),
Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО),
Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 КО),
Руслан Мәдиев (17-2, 6 КО),
Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО),
Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО),
Сергей Липинец (18-4-1, 13 КО).
Оқи отырыңыз: Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы екінші алтын медаль жеңіп алдыhttps://almaty.tv/kz/news/sport/zhenil-atletikadan-aziia-chempionaty-kazakstan-ku-ramasy-ekinshi-altyn-medalin-zhenip-aldy