Маңғыстауда теңізде үрлемелі шеңбермен жағалаудан алыстап кеткен қыз құтқарылды

02.08.2026 14:22

Хабарлама түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, қызды жағаға жеткізді

Depositphotos.com

ТЖМ құтқарушылары теңізде үрлемелі шеңбермен жағалаудан алыстап кеткен қызды құтқарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ведомство мәліметінше, Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласынан 71 шақырым жерде орналасқан «Кендерлі» демалыс базасы маңында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2004 жылы туған қызға көмек көрсетті.

Демалыс кезінде оны үрлемелі жүзу шеңберімен жағалаудан шамамен 200 метр қашықтыққа теңізге ағыс алып кеткен.

Хабарлама түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, қызды жағаға жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

"Желді ауа райында ашық су айдындарында үрлемелі шеңберлер мен матрастарды пайдалану өте қауіпті. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, өміріңізге қауіп төндірмеңіз", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматыда ТЖМ құтқарушылары тауда жоғалған екі жасөспірімді тапты