Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: сотталғандарға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Облыстық сот апелляциялық шағымды қанағаттандырған жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада кәмелет жасқа толмаған "Жәбірленушіні азаптау", "Жезөкшілікпен айналысуға тарту" баптары бойынша сотталғандарға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Естеріңізге салсақ, сәуір айында 16 жастағы қызға жәбір көрсеткені үшін 9 азаматқа бас бостандығынан айыру жазасы берілген еді. Олардың бесеуі – кәмелетке толмағандар. Іле-шала резонанстық іске қатысты қорғау тарапы сотталғандарды жартылай ақтауды және жазаны төмендетуді сұраған. Ал облыстық сот апелляциялық шағымды қанағаттандырған жоқ.  

«Апелляциялық шағымдармен келіп түскен қылмыстық істі қарап, Қылмыстық-процестік кодекстің 431 бабының 1-бөлігін бірінші тармағы 443, 444 баптарын басшылыққа алып, сот алқасы қаулы етті. Кәмелетке толмаған сотталғандар қатысты Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сотының 3 сәуір 2025 жылғы өзгеріссіз сотталғандардың апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы жария етілген кезден бастап күшіне енеді», - деді төрағалық етуші судья Әділхади Шығамбаев.

Оқи отырыңыз: Таза бейсенбі: Ақтауда 5 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық шығарылды

Новости партнеров