Олимпиадалық резерв мектебінің экс-директоры жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Күдікті биылғы 24 сәуірде соттың санкциясымен қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тексеруімен жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры бола тұра, азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін дара кәсіпкерден 8 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктенеді», - делінген Антикор хабарламасында.

Биылғы 24 сәуірде күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оқи отырыңыз: Жемқорлар иеленіп кеткен 1,13 трлн теңге қай елдерден қайтарылды

Новости партнеров