Орталық Азия жаһандық климаттық қаржыландыру мақсатына қол жеткізу үшін күш біріктіреді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Ашхабад қаласында климаттың өзгеруіне арналған Орталық Азияның 7-ші конференциясы өтіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Конференцияның басты тақырыбы – өңірлік және ұлттық климаттық шараларды іске асыру үшін климаттық қаржыландыруды жұмылдыру. Бұл мәселе жаһандық температура рекордтарының жаңаруы және өңірдегі климаттық тәуекелдердің артуы аясында аса өзекті болып отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОАҚӨК-2025 конференциясы Орталық Азия елдерінің, үкіметтердің, парламенттердің, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, ғылыми орталықтардың және азаматтық қоғамның өкілдерінен құралған 200-ден астам қатысушыны біріктірді.

Конференция БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясының (COP29) шешімдерін іске асыру және алдағы COP30-ға дайындық, ұлттық бейімделу жоспарлары мен жаңа ұлттық үлестерді (ҰДАҮ 3.0) әзірлеудегі өңір елдерінің ілгерілеуін бағалау, сондай-ақ Жаңа ұжымдық сандық климаттық қаржыландыру мақсатына (NCQG) сәйкес стратегиялық әрі әділ климаттық қаржыландыру тәсілдерін әзірлеу мәселелері бойынша пікір алмасу алаңы болды.

«ОАҚӨК-2025 конференциясының негізгі элементтерінің бірі – ұлттық басымдықтарды өңірлік климаттық архитектураға біріктіруге назар аудару және төмен көміртекті даму жолына көшу тәжірибелерімен алмасу болды», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасынан конференцияға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының және Парламенттің өкілдерінен құралған делегация қатысты. Делегацияны Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев бастап барды.

Вице-министрдің сөзінде 2026 жылы өтетін Өңірлік климаттық саммитке ерекше назар аударылды. Қазақстан бұл саммитті өңірлік диалогты нығайтудың және күш-жігерді үйлестірудің стратегиялық алаңы ретінде қарастырады.

Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар министрлігі ОАҚӨК-2025 алаңында «Жасыл көпір»: ҰДАҮ іске асыруды жеделдету мен нығайтуға арналған инновациялық технологиялар» атты параллельді сессия өткізді.

Бұл сессия Орталық Азия елдерінің арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Green Bridge Partnership Program (GBPP) жаһандық цифрлық платформасы арқылы климаттық технологиялар трансферінің тетіктерін енгізу жолымен ҰДАҮ тиімді іске асыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Волонтёрлердің төтенше жағдайлар саласындағы рөлі қандай

Новости партнеров