12 жастағы қыздың әрекеті үшін ата-анасы жауапқа тартылды
Павлодарда әйелдің басына мұз кесегін лақтырған адам анықталды. Қатты затты абайсызда 12 жастағы қыз бала түсіріп алған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жеткіншек балконға шығып, қатып тұрған мұзды сындыруға әрекеттенген. Сол сәтте ол қолынан сусып кетіп, көшеде кішкентай баласымен кетіп бара жатқан жас ананың басына құлаған. Әйелдің жарақат алғанын көріп, қорқып кеткен мектеп оқушысы болған жағдайды бәрінен жасырған. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін қыз баланың әрекеті үшін ата-анасы жауапқа тартылды.
Еске сала кетейік, аталған жағдай 8 шілдеде болған. Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің маңынан бесік арбамен өтіп бара жатқан тұрғынға жоғарыдан әлдебіреу қатты зат тастап жіберген. Салдарынан әйел бас жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.
«Қыздың ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар кінәсін толық мойындап, болған жағдайға өкініш білдірді», – деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Павлодарда жоғарыдан тасталған мұз кесегі жас ананың басын жарды