Облыс аумағында оған қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр
Арал ауданының Қарақұм даласында шегіртке қаптаған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан шегірткелер шеруінің біраз аумақты басып алғаны анық байқалып тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Зиянкестер бірнеше ауылдың үстімен өтіп, жайылымдық жерлерді отап кеткен. Қазір облыс аумағында оған қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол үшін тіпті жедел штаб құрылып, үйлестіру жұмыстары пысықталған. Жалпы 29 мың гектарға жуық аумақты өңдеу жоспарланып, оның 10 мың гектардан көбі өңделіпті. Оған 2 жеңіл ұшақ, 2 аса жеңіл авиақұрылғы мен 12 жерүсті техникасы, сондай-ақ 5 дрон, 45 арқаға асылатын бүріккіш қолданылған. Қазір зиянкестердің шоғыры Ақтөбе облысы аумағына өтті.
Оқи отырыңыз: Каспийде итбалық жаппай қырылып жатыр