Шымкентте әйелін өлтірген ер адам ұзақ жылға сотталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Отбасылық жанжал кісі өліміне алып келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

«Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адам әйелін өлтірді деп айыпталды. «Сотталушы 2025 жылдың қаңтар айында Шымкент қаласы Еңбекші ауданында орналасқан үйінде азаматтық некедегі әйелі - жәбірленуші П.-мен спирттік ішімдік ішіп, екеуінің арасында жанжал болған. Сотталушы үстелдің үстінде тұрған ас үй пышағын алып, жәбірленушінің жүрегіне бірнеше рет соққы жасаған», - делінген сот хабарламасында.

Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.

Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушінің өкілі прокурордың ұстанымымен келісті.

Сотталушы кінәсін мойындап, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

«Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотты болмағанын ескерген, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот, К.-ны ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Бейнебақылау камераларының арқасында 1,2 мыңнан астам қылмыс анықталды

Новости партнеров