Жалға алушы көз жұмған: Шымкентте пәтер иесі жазаға тартылды

Jakub Żerdzicki / Unsplash
Jakub Żerdzicki / Unsplash

Әйел адам қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін сотталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте пәтерін жалға берген иесі қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, «А» есімді азаматша пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берген.

«Соның салдарынан пәтердегі құбырдан газ шығып, пәтерді жалға алып тұрып жатқан Б. есімді азамат көмірқышқыл газымен уланып қайтыс болған», - делінген хабарламада.

2025 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты әйел адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы («Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу») бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.

«Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бар екенін айқындады. Жауапсыздық ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке алып соғуы мүмкін. Қалалық прокуратура заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді!» -делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Далаға шығудан қалдық: Түркістан облысында шіркей көбейіп кетті

Новости партнеров