Жиында орта білім беру мекемелерінің басшылары, өндірістік оқыту шеберлері, әдіскерлер мен жұмыс берушілер қатысты
«Өндірістік оқытуды трансформациялау: Инновациялар, сын-тегеуріндер және даму перспективалары». Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматыда осындай атаумен қалалық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиында орта білім беру мекемелерінің басшылары, өндірістік оқыту шеберлері, әдіскерлер мен жұмыс берушілер бас қосып, заманауи өндіріс талаптарына сай маман даярлау, оқытудағы инновациялық тәсілдер мен цифрлық технологияларды тиімді пайдалану жолдарын талқылады. Қатысушылар тәжірибе алмасып, саладағы өзекті мәселелерді шешу және кадр дайындау сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірледі.
«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Білім басқармасының қолдауымен қалалық конференция болып жатыр. Қатысып жатқандар оқу-өндірістік орынбасарлары, оқыту шеберлері, жұмыс берушілер. Басты тақырып – цифрландыру, инновация. Жасанды интеллект, цифрландыру және жас мамандықтарды дайындау мәселесі талқыланып жатыр», – деді колледж директоры Медет Омарбеков.
«Кәсіпкерлер палатасы жыл сайын нарыққа қандай мамандар қажет екенін анықтау үшін сауалнама жүргіземіз. Бизнеске 40 пайыз жұмысшы кадрлар қажет. Алматыда 88 колледж жұмыс істейді. Жұмысшы кадрларды осы колледждер дайындайды», – деді Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Толқын Әбілдаева.
Оқи отырыңыз: СҚО-да игі іс жасаған баланың ата-анасына айыппұл салынды