Алдағы күндері тұрғындарды жауын-шашынсыз, тұрақты ыстық ауа райы күтіп тұр. Барлық жұмыс аптасы бойы ауыспалы бұлттылық сақталып, желдің жылдамдығы 3–8 м/с аралығында болады.
- 27 шілде (дүйсенбі): түнде +18...+20 °C, күндіз ауа температурасы +31...+33 °C-қа дейін көтеріледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады.
- 28 шілде (с сейсенбі): түнде +18...+20 °C, күндіз термометр бағандары +30...+32 °C көрсетеді. Жел оңтүстік-шығыстан соғады.
- 29 шілде (сәрсенбі): түнде +20...+22 °C, күндіз температура +32...+34 °C-қа дейін жоғарылайды. Жел бағыты оңтүстік-батысқа ауысады.
- 30 шілде (бейсенбі): түнде +20...+22 °C, күндіз +33...+35 °C ыстық болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады.
- 31 шілде (жұма): түнде +20...+22 °C, күндіз де айнала +33...+35 °C-қа дейін ысиды. Жел оңтүстік-батыстан соғады.