Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тіледі.