Мемлекет басшысы Перу Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Ақорда
Ақорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақорда Мемлекет басшысының Перу Президентіне құттықтау жеделхатын жолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Кейко Фухимориді Перу Президенті қызметіне кірісуімен және осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

Мемлекет басшысы Президент Кейко Фухиморидің жауапты қызметіне табыс, ал Перу халқына құт-береке тіледі", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған елші Әлібек Бақаевты қабылдады