Жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалыс автобус жолағымен жүзеге асырылады
Алматыда жылумен жабдықтау желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылының учаскесі бір түнге жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Абай даңғылының Әуезов ауданындағы бөлігінде жылу желілерінде ілмекті-реттеу арматурасын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігі мақсатында 13 маусым сағат 23:00-ден –14 маусымның сағат 08:00-ге дейін Абай даңғылының бойындағы №26 үйден бастап Саин көшесіне дейін батыс бағыттағы автокөлік қозғалысы шектеледі.
Жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалыс автобус жолағымен жүзеге асырылады.
Шығыс бағытына қарай қозғалысға шектеу қойылмайды.
Қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» сервистерінде орналастырылғанын еске саламыз.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды
Оқи отырыңыз: Демалыс күндері елімізде дауылды ескерту жарияланды