Жөндеу жұмыстары барысында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылып, көше жарығы өшіруі мүмкін
Райымбек даңғылының негізгі бөліктерінде көріктендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Не істеліп жатыр:
Барлық жұмыс даңғылды жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған: орындықтар, жарықтандыру орнатылады, жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылып, оның қолжетімділігі тұрғындар үшін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де жақсарады.
Жөндеу жұмыстары барысында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылып, көше жарығы өшіруі мүмкін (Сейфуллин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейінгі аралықта).
"Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап, қараңғы уақытта абай болыңыз. Жұмыс барысы туралы толық ақпаратты тіркелген құжаттан оқи аласыз", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы әкімінің орынбасары дарынды оқушылармен кездесті