Азия чемпионаты: Бангкокта дзюдодан екі қазақстандық спортшы қола жүлдеге ие болды

olympic.kz
olympic.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Шерзод Давлатов пен Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.  Қола жүлде үшін өткен белдесуде Шерзод өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді.

Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.

Сондай-ақ Нұраділ Әлжан қола медаль үшін күрескен еді. Алайда тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді.

Оқи отырыңыз: Азия чемпионаты: Бангкокта дзюдодан төрт қазақстандық спортшы финалға шықты

 

 

 

 

 

Новости партнеров