Финалдық кезең 25 сәуірде өтеді
Таиландтың Бангкок қаласында дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Турнирдің алғашқы күнінде төрт қазақстандық спортшы финалға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға ұлттық құраманың екі өкілі шықты. Алайда Нұраділ Әлжан жапониялық Таики Накамурадан жеңілсе, Шерзод Довлатов Тайбэйден барған Ян Юн Вейге есе жіберді.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғалия Тынбаева да финалға өте алмады. Оны жапониялық Хикари Ешиока тоқтатты.
66 келіге дейінгі салмақта Ержан Еренқайыпов жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Финалдық кезең 25 сәуірде өтеді. Белдесулер Астана уақытымен 15:00-де басталады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшы таеквондодан Қытайдағы турнирде күміс жүлде алды