Бұл бәсекеде Азия құрлығынан 21 ел қатысты
Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл бәсекеде Азия құрлығынан 21 ел қатысты. Атап айтар болсақ: Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам 12 салмақта жүлдені сарапқа салды.
Чемпион атанған боксшылар:
Енді санаулы сәттен кейін жастар санаты бойынша ұлдар арасында жеңімпаздардың есімі белгілі болады.
Оқи отырыңыз: Жүзуден Әділбек Мусин Испаниядағы турнирде жеңіліс тапты