Бокстан Астанада өтетін әлем кубогына кімдер қатысады

Arisa Chattasa / unsplash
Arisa Chattasa / unsplash

Турнир Астанада 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

World Boxing ұйымдастыратын Әлем кубогында бақ сынайтын Қазақстан боксшылары анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, Астанада өтетін Әлем кубогына Қазақстан ұлттық құрамасының бірінші нөмірлі боксшылары қатысады.

Алдын ала жарияланған тізім мынадай:

  • 50 кг — Санжар Тәшкенбай;
  • 55 кг — Махмұд Сабырхан;
  • 60 кг — Серік Теміржанов;
  • 65 кг — Ертуған Зейноллинов;
  • 70 кг — Абылайхан Жүсіпов;
  • 75 кг — Сабыржан Аққалықов;
  • 80 кг — Нұрбек Оралбай;
  • 85 кг — Бекзад Нұрдәулетов;
  • • 90 кг — Сағындық Тоғамбай;
  • • 90+ кг — Айбек Оралбай.

Турнир Астанада 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.

Негізі бұл бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі болуы тиіс еді. Алайда қазір бұл мәселеге қатысты біраз түсінбестік бар. Өйткені екінші кезең күтпеген жерден Варшавада өтіп кетті. Қазақстан құрамасы оған қатысқан жоқ. Себебі бастапқыда бұл жарыс «Феликс Штамм» турнирі ретінде жоспарланған еді. Ал Әлем кубогының мәртебесі оған ең соңғы сәтте ғана берілді.

Оқи отырыңыз: Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

Новости партнеров