Қазақстандық спортшы Германиядағы әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

instagram.com/kazshooting
instagram.com/kazshooting

Ислам Сәтпаев нысана көздеуден нысана көздеуден жарыстың финалына шықты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Мюнхенде (Германия) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Сәтпаев 50 метр қашықтыққа шағын калибрлі мылтықпен үш қалыпта ату бойынша жарыстың финалына шықты.

«Шешуші сайыста ол 419.1 ұпай жинады. Нәтижесінде Ислам алтыншы орынға тұрақтады», - делінген хабарламада.

Жарыс жеңімпазы - норвегиялық Джон-Херманн Эгг (464.1 ұпай).

Күміс жүлдені ресейлік Илья Марсов (462 ұпай), ал қола жүлдені чехиялық Жири Привацки (452 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату сайысында Қазақстан атынан сынға түскен Валерий Рахымжан екінші орын алған болатын.

Оқи отырыңыз: Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

Новости партнеров