Алтынхан Темірбек күміс жүлде еншіледі
Спорттық гимнастикадан Дохадағы (Қатар) Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Екі жүлде де еркін жаттығу бағдарламасы бойынша Қазақстан қоржынына түсті.
«Бұл бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен Милад Карими 14.466 ұпай иеленіп, чемпион атанды», - делінген хабарламада.
Алтынхан Темірбек 13.633 ұпаймен күміс жүлде еншіледі.
Үздік үштікті 13.600 ұпай жинаған Ұлыбритания өкілі Сэм Мостоуфи түйіндеді.
Айта кетейік, 18 сәуірде ат снарядындағы жаттығудың финалдық кезеңіне Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қатысады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты алдында Венгрия құрамасын жеңді