Қазақстандық спортшы бұл жаттығуда 14.400 ұпай жинады
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
«Жарыс аясында еркін жаттығулар бойынша финал өтті. Қазақстандық Милад Карими бұл жаттығуда 14.400 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды», - делінген хабарламада.
Екі дүркін Олимпиада чемпионы филиппиндік Карлос Юло (14.600 ұпай) бірінші орын алса, ал үшінші орынды оңтүстіккореялық Мун Гын Ён (14.033 ұпай) иеленді.
Сондай-ақ осы финалда Дмитрий Патанин де өнер көрсетіп, 13.833 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады. Ол жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста үшінші орынды иеленген болатын.
Оқи отырыңыз: Қазақстан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында үшінші орын алды