Президент әлем чемпионы атанған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтады

Ақорда
Ақорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.
 
Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз: Астанадағы «Болашақ ойындары» фиджитал-қозғалысқа тың серпін береді – Президент