Түркістандық полицей рекордтар кітабына енді

Полицей бұл жетістігін Отан қорғаушылар күніне арнады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістандық полицей рекордтар кітабына енді. Анығырақ айтсақ, арнайы жасақ құрамындағы Парасат Жолдасбек 10 келілік гантельді көтеріп, 1 минутта 30 рет отырып-тұрды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Таңқаларлығы, ол бұл жаттығуды 1 аяқта тұрып орындаған. КИНЭС рекордтар кітабының ресми өкілі мұны екінің бір жасай алмайтынын айтады. Сондықтан редакция алқасы Парасаттың өтінішін бірден қабылдапты. Ал жаттығуды үзбеуге тырысатын полицей бұл жетістігін Отан қорғаушылар күніне арнады. Енді ол Гиннестің рекордтар кітабына есімін енгізуді мақсат етіп отыр. 

«Жарыстарға қатысып жүргендіктен, мен өз қабілетімді жаттығу барысында байқадым. Соның арқасында барын салып, рекорд тіркеп жатырмыз. Алдағы жоспарымыз - әлем рекорды. Құдай қаласа, оған да аз қалды. Жетістігіме, күнделікті жаттығуларыма көңілім толады», - деді облыстық полиция департаментінің қызметкері Парасат Жолдасбек.

Оқи отырыңыз: АҚШ Алматыдан жер телімін жалға алады: Сенат келісімді мақұлдады

Новости партнеров