Алматыда жыл басынан бері 32 мыңнан астам ағаш санитарлық мақсатта кесілді

29.07.2026 10:35
пресс-служба акима Алматы

Алматыда қаланың жасыл қорын күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты, - , - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жыл басынан бері «Алматы Тазалық» МКК мамандары санитарлық мақсатта 32,3 мыңнан астам ағаш кесіп, жылдық жоспардың 46 пайызын орындады.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, санитарлық мақсатта кесу жұмыстарының көлемі екі есеге артып, жалпы саны 140 мың ағашқа дейін жеткізіледі.

Қазіргі уақытта санитарлық мақсатта кесу жұмыстары қаланың негізгі магистральдық көшелері мен көлік дәліздерінде қолға алынған. Оған 32 мамандандырылған бригада, 160 қызметкер және 34 арнайы техника, оның ішінде 18 автогидрокөтергіш жұмылдырылған.

Сонымен қатар жыл басынан бері қаланың барлық сегіз ауданында 8,7 мың ағашқа қалыптап кесу жұмысы жүргізілді. Бұл шаралар жасыл желектердің саулығын сақтауға, қаланың көркін жақсартуға және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз:   Алматының Наурызбай ауданында төрт әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек