Ата заң – ұрпақтар сабақтастығы: Атырауда ардагерлер жастармен кездесті

Еркін форматтағы пікір алмасу екі буын арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға мүмкіндік берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ата заң – ұрпақтар сабақтастығы». Осы тақырып аясында Атырауда ардагерлер кездесуі өтті, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Басқосуда жиналғандар заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік және патриотизм тақырыптарында өз ойын ортаға салды. Еркін форматтағы пікір алмасу екі буын арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, елдік құндылықтарды дәріптеуге және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға бағытталған.

Тағылымды іс-шара қатысушыларға Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы мен әр азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін тағы бір мәрте ұғындырды

«Ата заң және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында пікір алмасу кездесу өтіп жатыр. Мақсат – 1 шілдеден бастап заңды күшіне енген Ата заң төңірегінде ұрпақтар сабақтастығын негізе ала отырып, пікір алмасу. Ұлттық мәдениет, құндылықтар, жастарды тәрбиелеу үшін қандай қадам жасауымыз керек, неге назар аударымыз керек? Осы сұрақтар жөнінде пікір айтылды», – деді Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Гүлфайруз Қайырғалиева.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады