Күрішке зияны жоқ: ғалымдар жапондық гербицидті сынақтан өткізіп жатыр

Институт ғалымдары келер жылдан бастап қоспаны шаруашылықтарға ұсынбақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыр өңіріндегі Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтының ғалымдары жапондық гербицидті сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Соңғы сатыда сыналып жатқан қоспа осыған дейін екі жыл бойы егіс алқабында тәжірибе ретінде қолданылған. Ал гербицид шаруашылықта дақылдың өсуін тежейтін арам шөптерді жойып, өнімнің шығымдылығына оң әсер береді. Жаңа агро-препаратты Жапониялық компания әзірлеп шығарған.

Айта кетейік, осыған дейін алқапта гербицидтің төрт түрі қолданылып келген. Ал жаңа қоспаны отандық мамандар жоғары бағалап отыр.

«Әуелі арам шөптің санын санап аламыз. Препарат толық өлтіреді. Басқасына әсері білініп тұрады. Ал күрішке әсері көп емес. Айналасындағы адамдарға да әсері етпейді», – деді Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Камалдин Шермағамбетов.

Зертханалық тексерулер препараттың дақыл мен адамға зияны жоқ екенін көрсеткен. Оны күріш егістігіне ғана емес, қант қызылшасы мен жаздық арпа өсіруге де қолдануға болады. Институт ғалымдары келер жылдан бастап жапондық гербицидті шаруашылықтарға ұсынбақ. 

«Экологиялық зияны тексеріледі. Арнайы лабораторияға жібереміз. Өсімдік, дәнін, топырақ аламыз. Қанша нәрсе топырақта, дәнде қалатынын анықтап, ары қарай қолдануға болады деген тұжырым береді», – деді Камалдин Шермағамбетов.

Оқи отырыңыз: Астанада мемлекет пен бизнес өкілдерінің арасында ашық диалог өтті

 

Новости партнеров