«Қазгидромет» синоптиктері жаздың соңғы айына арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазақстанда жаздың соңғы айы әртүрлі ауа райымен сипатталатын болады. Еліміздің оңтүстігі мен батысында негізінен аптап ыстық сақталса, солтүстік өңірлерде мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Синоптиктердің мәліметінше, белсенді солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты айдың басында елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауылды жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында кей күндері қатты жаңбыр жауады.
Дегенмен, батыс және орталық облыстарда айдың алғашқы онкүндігінің ортасына қарай жауын-шашын тоқтайды.
Синоптиктер ай ішінде ауа температурасының айтарлықтай ауытқуы болатынын ескертеді:
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде еліміздің солтүстігінде түнгі және күндізгі температура қалыпты деңгейде болса, батыста мен