Бостандық ауданында абаттандыру жұмыстары пысықталды

Жиында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамаларға ерекше назар аударылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков журналистер мен қалалық медиа қауымдастық өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ашық диалог барысында ауданды дамыту, қоғамдық кеңістіктерді жаңарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жиында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамаларға ерекше назар аударылды. Ал кездесу соңында медиа өкілдері толғандырған сұрақтарын қойып, аумақтың өркендеуіне қатысты ұсыныс-пікірлерін айтты. ¤

«Ауданның тарапынан жасалып жатқан 14 аумақтық кеңістіктерді бюджет есебінен абаттандырып жатырмыз. Ал 13 аумақтық кеңістіктіктегі жұмыстар кәсіпкерлер есебінен жүргізіледі», – деді Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Оқи отырыңыз: Алматының Алмалы ауданында 30 аула жөнделді