Жаздың соңғы айындағы ауа райы: Қазақстан өңірлерін қандай ауа райы күтіп тұр?

фото Victor Glutsenko
фото Victor Glutsenko

«Қазгидромет» синоптиктері жаздың соңғы айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жаздың соңғы айы әртүрлі ауа райымен сипатталатын болады. Еліміздің оңтүстігі мен батысында негізінен аптап ыстық сақталса, солтүстік өңірлерде мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Синоптиктердің мәліметінше, белсенді солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты айдың басында елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауылды жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында кей күндері қатты жаңбыр жауады.

Дегенмен, батыс және орталық облыстарда айдың алғашқы онкүндігінің ортасына қарай жауын-шашын тоқтайды.

Синоптиктер ай ішінде ауа температурасының айтарлықтай ауытқуы болатынын ескертеді:

  • Батыс және солтүстік-батыс: Температураның біртіндеп көтерілуі күтіледі, ал Атырау мен Маңғыстау облыстарының кейбір аудандарында аптап ыстық сақталады;
  • Солтүстік өңірлер мен Қостанай облысы: Ыстықтың беті қайтып, қолайлы ауа райы орнайды, алайда онкүндіктің соңында қайтадан күн ысиды;
  • Оңтүстік өңірлер: Аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, қолайлы температура орнайды;
  • Орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс: Аптап ыстық пен қалыпты жылы ауа райы кезектесіп отырады.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде еліміздің солтүстігінде түнгі және күндізгі температура қалыпты деңгейде болса, батыста мен