Президент автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты

Ақорда
Ақорда

Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадаға 106 елден келген 500-ден астам дарынды оқушы қатысуда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, байқау тапсырмаларымен және автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты.

Астана қаласында 2-8 тамыз аралығында өтетін Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадаға 106 елден келген 500-ден астам дарынды оқушы қатысуда. Олар ЖИ үлгілерін әзірлеу және автоматты роботтарды бағдарламалау сайыстарында бақ сынайды.  

Оқи отырыңыз: ЖИ олимпиадасында әлемді өзгертетін жаңа идеялар мен жобалар дүниеге келуі мүмкін - Президент